ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ДЕПУТАТТАРЫ "АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА-ҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Михаил Бортник пен Бақтыбай Челпеков, Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Нури Тумышевпен және облыс әкімдігінің өкілімен бірге «Ақтау теңіз порты» АЭА-да болды.

Депутаттарға «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның ағымдағы қызметі, одан әрі даму жоспарлары және АЭА-ның проблемалық мәселелері туралы толық ақпарат берілді.

Сондай-ақ, сапар барысында қонақтарға АЭА аумағы бойынша экскурсия жүргізілді, депутаттар "Қазақстан Пайп Тредерс" ЖШС газ-герметикалық қосындысы бар құбырларды кесу зауытының және "Каспий Тас Жол" ЖШС қиыршық тас-мастикалық асфальт бетонын өндіру зауытының қызметімен танысты.

Желілерде бөлісу:

  • 1349